Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: Елдігімізді бекіте түссе дейміз

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: Елдігімізді бекіте түссе дейміз

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ: Елдігімізді бекіте түссе дейміз
ашық дереккөзі
– Сайлау туралы Мемлекет басшысының Жар­лығы шықты. Осынау қиын жылды жаңадан сай­лан­ған Президентпен аяқтағалы отырмыз. Сайлау өте­тіні туралы кейбір сарапшылар бұған дейін де ай­тып жүрген еді. Бірақ, келесі жылы болады деген пікір басым болды. Әлемдегі геосаяси жағдай ушығып тұр. Осын­дайда сайлаудың тыныш өткенін, елдің аман бол­ғанын қалаймыз. Қоғамның күтетіні – сайлаудың әділ өтуі. Бұл – өте орынды талап. Сайлауға әлі екі ай уа­қыт бар. Партиялар өз кан­ди­даттарын ұсынып, әділ бәсекелестік болады деп ойлаймын. Президент сай­лауы өткен соң Парламент сай­лауы бар. Мәжі­лісте жаңа есімдер көреміз деген үміт­теміз. Үкіметті де жаңартпаса болмайтын сияқ­ты. Осылайша біздегі Президент, Парламент, Үкімет қай­та түлеп, реформаларды іске асыруға бел шеше кіріс­пек. Сайлау келген сайын ел дүрлігеді. Бұл – қалыпты құ­былыс. Ең бастысы, сайлау елдігімізді бекіте түссе бол­ғаны.