Жаңалықтар

«AMANAT»-тың мобильді қоғамдық қабылдаулары 900 ауылды аралады

ашық дереккөзі

«AMANAT»-тың мобильді қоғамдық қабылдаулары 900 ауылды аралады

Биылғы наурыздан бері «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мүшелері 900 шалғай ауылдық елді мекенде болды. 6,6 мыңнан астам адам қандай да бір мәселеге назар аударып қана қоймай, кәсіби мамандардан ақыл-кеңес алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT»-тың кезектен тыс ХХІІ Съезінде партия жұмысын қайта жандандыруды тапсырып, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері шағымдармен ғана емес, елді дамыту бойынша нақты идеялармен келетін азаматтар үшін тартымды орынға айналуы керек екенін айтқан болатын. Ауыл тұрғындары көбінесе су, газ, электрмен жабдықтау, байланыс сапасы мәселелерімен, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау нысандарын және автомобиль жолдарын жөндеу туралы өтініштермен жүгінеді. Шешім қабылдаудың тиімділігі орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қатысуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларына 104,4 мың адам жүгінді. Тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 29%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 17%, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу – 10% мәселелері толғандырады. Мемлекеттік органдардың басшылары мен әртүрлі деңгейдегі депутаттар 21 мыңға жуық қабылдау өткізіп, соның барысында 50 мыңнан астам адам қабылданды.