Атырауда күл жауып жатыр

Атырауда күл жауып жатыр

Атырауда күл жауып жатыр
ашық дереккөзі
Атырауда аспаннан күл жауып тұр. Қаладан қырық шақырым жерде қамыс өртеніп, қара түтін шаһарды басып қалған. Жағдай ушығып бара жатқан соң өрт сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Өрт қазірдің өзінде 60 гектар жерді шарпыған. Қызыл жалынды өшіріп жатқанда Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникасы өртеніп кетіпті. Бүгін өрттің тағы екі ошағы анықталып, жалынды өшіруге тікұшақ жұмылдырылды. Ал қара түтін қалаға дейін жетіп, көшелерді күл басып қалған. Тұншыққан тұрғындар есік-терезесін аша алмай отыр. Десе де жергілікті билік елді мекендерге еш қауіп жоқ деп сендірді.
 «Осы уақыттарда аңша шыға бастайды. Осы уақытта өрт шығады. Өрттің шығу себебі осыдан деп ойлаймыз. Бүгінгі күнге дейін ауыздықтай алмау себебіміз, мына жақтағы жер батпақ, өрт сөндіру техникалары бара алмайды. Сосын қамыстың биіктігі шамамен үш-төрт метр. Өрт сөндіру автокөліктері жете алмағаннан мүмкін болмай отыр», - деді Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы Нұрбол Жақанов.