Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Беларусь азаматына тұрмысқа шыққалы жатыр

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Беларусь азаматына тұрмысқа шыққалы жатыр

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы Беларусь азаматына тұрмысқа шыққалы жатыр
ашық дереккөзі
Биатлоннан Пхенчхан Олимпиадасының чемпионы, әлем кубогі мен Еуропа чемпионатының жүлдегері Динара Әлімбекова тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап. Динара Әлімбекова Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Әкесі Талғат - қазақ, анасы - беларусь. Ол үш жасында отбасымен Беларусь еліне көшіп кеткен. Сол жақта биатлонмен айналысып, 2018 жылы Беларусь командасы сапында Олимпиада чемпионы атанды. Яғни, Динара Беларусь елінің азаматшасы, сол елде өсіп, сол елде спортпен шұғылданған. Жақында Динара сүйіктісінің ұсынысын қабыл алып, «иә» деп жауап бергенін хабарлаған еді. Ол өзінің командаласы, биатлоннан Беларусь құрамасының мүшесі, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Антон Смольскийге тұрмысқа шықпақ. Айта кетелік, Динара шетелде тұрса да, қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы саналады.