Жәрдемақы электронды түрде рәсімделеді
Жәрдемақы электронды түрде рәсімделеді
Қыркүйек айында 20 мыңнан астам қазақстандық жәрдемақы алу туралы хабарламаны электронды түрде алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Бетпе-бет» бағдарламасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл бастама пилоттық негізде жүзеге асуда. Қазірдің өзінде 9 мың азаматтың құжаттары рәсімделіп жатыр. Болашақта мұндай төлемдерді алу үшін мемлекеттік органдарға бару қажет болмайды. Яғни бұл қызметтер проактивті түрде көрсетілмек.
«Азаматтарға цифрлық технологиялар қолдана отырып, әр мекемеге бармастан мемлекеттік органдардағы бар ақпараттық жүйелерге сәйкес кепілдендірілген көмекті беру мәселесін бастап кеттік. Отбасылық карта дегеніміз осы», - деді министр.