Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді
22 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясының отырысында келесі мәселелер қаралады:
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту;
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру;
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру.