Жаңалықтар

Ресейде мобилизацияға қарсы митингілер болып жатыр

ашық дереккөзі

Ресейде мобилизацияға қарсы митингілер болып жатыр

Ресей қалаларында мобилизациялауға қарсы акциялар өтіп жатыр. Ұсталғандар бар деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Сібір мен Қиыр Шығыста адамдар ұсталудан қорқып, ұрандар мен плакаттарсыз қалалардың орталық алаңдарына шыға бастаған. Хабаровскіде мобилизацияға қарсы акцияға 12 адам шықты. Олар үнсіз, плакаттарсыз тұр. Олар мұндай жаңалықты күтпегендерін айтады. Пикетшілер қудалаудан қорқып, өз аттарын атаудан бас тартқан.