Өскеменде марихуана шегіп отырған жігіт «Сергекке» түсіп қалды (ВИДЕО)

Өскеменде марихуана шегіп отырған жігіт «Сергекке» түсіп қалды (ВИДЕО)

Өскеменде марихуана шегіп отырған жігіт «Сергекке» түсіп қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Өскемен қаласында аулада марихуана шегіп отырған жігіт «Сергек» камерасына түсіп қалды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі пайдаланған деген күдікпен 21 жастағы Өскемен тұрғыны ұсталды. Құқық бұзушы «Сергек» кешенінің камерасына түсіп қалған. Бейнебақылау камерасы заңсыз әрекетті тіркегеннен кейін бірнеше минут ішінде тәртіп сақшылары келіп жетті. Полицейлерді көре салысымен жігіт есірткіден құтылуға асыққан. Сараптама нәтижесінен ер адамның марихуана шеккені анықталды.