АҚШ-та Тоқаевпен кездескен Азат пен Дильназ қайда жұмыс істейді?

АҚШ-та Тоқаевпен кездескен Азат пен Дильназ қайда жұмыс істейді?

АҚШ-та Тоқаевпен кездескен Азат пен Дильназ қайда жұмыс істейді?
ашық дереккөзі
Жақында АҚШ-қа сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан Digital Nomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Олардың арасында зияткерлік мектеп түлектері Дильназ Камалова мен Азат Сүлейменов та болды деп жазды turkystan.kz. Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі Азат Сүлейменов белгілі американдық Lucid Motors компаниясының озық моторлы технологиялар командасында аға инженер болып қызмет атқарады. Мектепте оның сүйікті пәні математика болған. 2010 жылы Азат Назарбаев Университетіне оқуға түсіп, химиялық инженерия мамандығы бойынша білім алды. Оқу барысында Оңтүстік Корея мен Лос-Анджелестегі Калифорния технологиялық институтында тағылымдамадан өткен. Одан кейін мамандығы бойынша оқуын Бостон университетінде жалғастырыпты.  width= Lucid Motors стартапындағы инженер-механик лауазымына жүргізілген іріктеуде бірден көзге түскен Азат электр қозғалтқышын жасаумен айналысатын команда құрамында жұмыс істей бастайды. Кейін Lucid Motors компаниясы оның көшбасшылық және кәсіби қасиеттерін назарға алып, Азатқа автокөліктің тиімділігін арттыруға маманданған бөлімшеге ауысуды ұсынған. Ал Дильназ Камалова Алматыдағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепте білім алған. Ол әлемнің үздік жоғары оқу орындары –  Harvard University, Stanford University, Princeton University, Lehigh University, Rice University, Duke University-ден ресми шақырту алған білімді оқушы.  width= Дегенмен оның таңдауы Стэндфорд университетіне түсті. Дильназ көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ол – Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың өмірін жеңілдету үшін жасалған «ақылды» дәрі қобдишасының авторы. Бұл өнертабысы Google Science Fair журналының «20 үздік идея» тізіміне енген. Силикон алқабында өткен Technovation Challenge байқауында жеңіске жеткеннен кейін ол Google-дың штаб-пәтерінде корпорацияның бас директоры Сундар Пичаимен кездескен. Осылайша оның кәсіби қызметі ілгерілей бастаған.