Жаңалықтар

АҚШ-та Тоқаевпен кездескен Азат пен Дильназ қайда жұмыс істейді?

ашық дереккөзі

АҚШ-та Тоқаевпен кездескен Азат пен Дильназ қайда жұмыс істейді?

Жақында АҚШ-қа сапармен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан Digital Nomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Олардың арасында зияткерлік мектеп түлектері Дильназ Камалова мен Азат Сүлейменов та болды деп жазды turkystan.kz. Елордадағы физика-математика бағытындағы NIS түлегі Азат Сүлейменов белгілі американдық Lucid Motors компаниясының озық моторлы технологиялар командасында аға инженер болып қызмет атқарады. Мектепте оның сүйікті пәні математика болған. 2010 жылы Азат Назарбаев Университетіне оқуға түсіп, химиялық инженерия мамандығы бойынша білім алды. Оқу барысында Оңтүстік Корея мен Лос-Анджелестегі Калифорния технологиялық институтында тағылымдамадан өткен. Одан кейін мамандығы бойынша оқуын Бостон университетінде жалғастырыпты. Дегенмен оның таңдауы Стэндфорд университетіне түсті. Дильназ көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ол – Альцгеймер ауруына шалдыққан науқастардың өмірін жеңілдету үшін жасалған «ақылды» дәрі қобдишасының авторы. Бұл өнертабысы Google Science Fair журналының «20 үздік идея» тізіміне енген. Силикон алқабында өткен Technovation Challenge байқауында жеңіске жеткеннен кейін ол Google-дың штаб-пәтерінде корпорацияның бас директоры Сундар Пичаимен кездескен. Осылайша оның кәсіби қызметі ілгерілей бастаған.