Жаңалықтар

Түнгі аспандағы жарықтың мән-жайы анықталды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Түнгі аспандағы жарықтың мән-жайы анықталды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі қолданушылары түнде аспаннан байқалған біртүрлі жарықтың суреттері мен видеосын жаппай бөлісіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Белгілі болғандай, ол «К.Э. Циолковский» кемесі тиелген «Союз-2.1 а» зымыраны болып шықты. Зымыран ұшу кезінде өзінен кейін осындай із қалдырған. Байқоңырдан ұшырылған зымыран Ресей мен АҚШ арасындағы ұшулар туралы келісім аясында көкке көтерілген. Халықаралық ғарыш станциясына аттанған  экипаж құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франциско Рубио бар. ХҒС-68 - ұзақмерзімді экспедиция. Жоспар бойынша экипаж ХҒС-та 188 тәулік, яғни 2023 жылдың 28 наурызына дейін болады.