Жаңалықтар

Авиация комитеті Мәскеу-Алматы бағытындағы билет құнына қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Авиация комитеті Мәскеу-Алматы бағытындағы билет құнына қатысты пікір білдірді

Мәскеу-Алматы бағыты бойынша билет құнына қатысты Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желілерде Мәскеу – Алматы бағыты бойынша билеттердің бағасына қатысты таратылып жатқан ақпараттағы билеттердің құны Дубай арқылы Мәскеу – Дубай ("Emirates" әуекомпаниясы) және Дубай – Алматы ("Эйр Астана" әуекомпаниясы) маршруты бойынша транзиттік рейстерді ескере отырып көрсетілгенін хабарлаймыз. Мәскеу – Алматы және Дубай – Алматы бағыттары бойынша қазақстандық әуе компаниялардың тікелей рейстерінде тарифтер өзгермегенін атап өту қажет. Мысалы, 2022 жылғы 21 қыркүйек сағат 18:00-дегі жағдай бойынша: – 2022 жылғы 24 қыркүйектегі Мәскеу (Внуково) – Алматы бағыты бойынша "SCAT" қазақстандық авиакомпаниясының рейсіне билет құны 253688 теңгені және ағымдағы жылғы 29 қыркүйектегі бағасы 208078 теңгені құрайды. – 2022 жылғы 22 қыркүйектегі Дубай-Алматы бағыты бойынша «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейсіне билет құны 334146 теңгені құрайды.