Аяз, жел: тоғыз облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет Қазақстанның тоғыз облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша,
Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде 1 градус аяз.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде жел қырқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде және
Павлодар облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында және
Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.