Димаш Құдайбергеннің концерті көрермен көптігімен рекорд орнатуы мүмкін

Димаш Құдайбергеннің концерті көрермен көптігімен рекорд орнатуы мүмкін

Димаш Құдайбергеннің концерті көрермен көптігімен рекорд орнатуы мүмкін
ашық дереккөзі
Танымал әншінің Алматының орталық стадионында өтетін жеке ән кешіне арналған билеттердің 90%-ы сатылып кеткен деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. Өнер иесінің шетелдік тыңдармандары да алыстан ат арылтып Алматыға келіп жатыр. Кейбір қонақүйлерде бос орын қалмапты. Әнші Димаш Құдайбергеннің концертін асыға күтіп жүргендер көп. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам билет сатылып кеткен. Бұл – жалпы билет санының 90%-ы. Ол тек концерт өтетін Орталық стадиондағы негізгі орын ғана. Одан бөлек, фанаттар аймағында, яғни сахна алдында тағы 10 мыңға жуық көрермен концертті тамашалай алады.
«Билеттің бағасы 8-10 мың теңгеден басталып, сахнаға жақын орындардың құны 40 мың теңгеге дейін жетті. Қазір фанаймақта 10 мың теңгелік және қымбат орындардың билеттері ғана бар. Билет сатылымға шыққан күннен бері сатып алушылардың саны артып жатыр», - деді онлайн билет сататын компанияның бас директоры Виктория Торгунакова.
Әлемге танымал өнер иесінің шетелдік жанкүйерлері де аз емес. Сатылған билеттердің 5 мыңға жуығын өзге елдің тыңдармандары иеленген. Нақтырақ айтсақ, Щвейцария, Франция, Украина, Қытай, Катар, АҚШ, Бразилия және Аргентина сынды жалпы саны 50 елдің азаматтары концертке билет алыпты. Тіпті бірақтар қонақүйлерде қазірдің өзінде бос орын қалмаған.
«Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Алматы қаласындағы қонақүйлердің толуы 38,4% құрады. Ол өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 13,7% өсті. Димаш Құдайбергеннің концерттеріне байланысты қонақүйлердің толуы 80%-ға дейін жетеді», - деді қалалық Туристік ақпараттық орталық директорының орынбасары Бауыржан Пазылхайыр.
Әншінің концертіне арналған билеттер 14 шілдеден бастап саудаға шығарылған. Алғашқы екі тәулікте 10 мыңнан аса билет сатылыпты. Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 23 қыркүйек күні кешкі сағат сегізде Орталық стандионда өтеді.