Жаңалықтар

Балалардың қолымен жасалған аса ауыр 5 қылмыс

ашық дереккөзі

Балалардың қолымен жасалған аса ауыр 5 қылмыс

Естеріңізде болса, биыл мамыр айында Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. 16 жастағы қызға қанды оқиғаны жасауға досы көмектескен. Туған анасын пышақтап өлтірген бойжеткен мәйітті балконда жасырған. Тар құрсағын кеңітіп, тоғыз ай көтерген анасына баласы бұндай қиянатты не үшін жасады? Сұрақ көп, бірақ жауап жоқ. Turkystan.kz балалар асқан жауыздықпен жасаған 5 қылмысты мысалға келтірді. [caption id="attachment_197317" align="alignnone" width="1280"] Фото:telegra.ph[/caption] Аркадий Ниланд, 15 жаста – соғыстан кейін КСРО-да атылған жалғыз жасөспірім. Аркадий Ниланд 1949 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ол анасы, өгей әкесі және екі өгей бауырымен бір бөлмелі коммуналкада тұрады. Ата-анасы ащы суға құмар болған. Жиі балаларына қол көтерген. 12 жасында бозбаланы ұрлық жасағаны үшін полиция есепке алады. Ал 15 жасында өте ауыр қылмыс жасап, өлім жазасына кесілді. Соңғы оқиғада бала «пошташы» болып, пәтерді тонамақ болады. 37 жастағы пәтер иесін 15 рет балтамен ұрған, ал әйелдің кішкентай ұлына 6 рет соққы жасаған. Артынша, қылмыскер асықпай таңғы асын ішіп, кейін пәтерді өртеп кеткен. Аркадий Ниланд Хрущевтің жеке бұйрығымен ату жазасына кесілді. [caption id="attachment_197319" align="alignnone" width="1253"] Фото:uduba.com[/caption] Джесси Померой, 14 жас, АҚШ Джесси 14 жасында (1897 жылы) төрт жасар баланы аяусыз өлтіргені үшін қамауға алынды. Бұл оқиғаға дейін, яғни үш жыл бұрын қылмыскер басқа жеті баланы аяусыз қорлап, азаптаған. Ерсі қылығы үшін Джесси түзету мектебіне ауыстырылды. Жақсы тәртібі үшін жасөспірім аталған мекемеден шыққанымен, көп ұзамай, анасының дүкеніне кірген 10 жастағы қызды айуандықпен өлтірген. Араға бір ай салып, тағы бір баланы ұрлап, қала сыртындағы батпаққа апарып, бүлдіршіннің басын кесіп тастаған. Тергеу барысында полиция кішкентай баланың денесін көрсетіп, «өзіңді кінәлімін деп есептейсің бе?» деген сұраққа «мұны мен істеген сияқтымын» деп жауап берген. [caption id="attachment_197321" align="alignnone" width="1200"]