Бас жүлде – автокөлік: Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді

Бас жүлде – автокөлік: Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді

Бас жүлде – автокөлік: Құранды жатқа оқудан республикалық байқау өтеді
ашық дереккөзі
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында 28-29 қыркүйек күндері қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІ республикалық байқауы өтеді деп хабарлады turkystan.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дәстүр бойынша байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді. Байқауға қатысушылар ҚР ер азаматы және жасы 30-дан аспауы тиіс. Бір үміткер байқауға тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады. Құранды толық жатқа оқыған жеңімпаз автокөлікке ие болады. Өзге номинациялар бойынша ақшалай марапаттар қарастырылған.