Сейсенбі, 31 Қаңтар, 2023

Ұлттық банк пен Қытай Халық банкі өзара меморандумға қол қойды

Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, меморандум Қаржылық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай кіші комитетінің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталарды қолдану туралы шешімдерін іске асыру бағытталған. Қазақстанда юаньмен өзара есеп айырысуды дамыту жоспарланған.

Меморандум клиринг және ұлттық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысуларды дамыту жөніндегі деректермен алмасу мәселелері бойынша орталық банктердің уағдаластықтарын бекітеді.

«Меморандум жасасу – Қазақстан мен Қытай арасында қаржы саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайтудағы жаңа қадам болып табылады және трансшекаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталарды неғұрлым кеңінен пайдалануға, сондай-ақ өзара сауда және инвестициялық қызметті дамытуға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button