Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз өртенді (ВИДЕО)

Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз өртенді (ВИДЕО)

Алматы – Петропавл бағытындағы пойыз өртенді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы  –  Петропавл жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына техникалық вагоннан шыққан өрт себеп болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Пойыз жолаушылары отқа оранған техникалық вагонды видеоға түсіріп алған.
 «Бұл Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы. Мұнда жолаушылар вагонынан бөлек техникалық вагон болады. Өрт сол техикалық вагоннан шықты»,- деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 04.27-де «Алматы-Петропавл» бағытындағы №105 жолаушылар пойызы «Қарағанды-Астана» учаскесінде шұғыл тоқтаған еді. Пойызда 184 жолаушы болған. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарына сәйкес, жолаушыларды межелі орындарына жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысып жатыр. Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.