Жаңалықтар

Razer үш мониторлы ноутбук шығарды

ашық дереккөзі

Razer үш мониторлы ноутбук шығарды

Геймерлік құралдар шығаруға маманданған америкалық Razer компаниясы CES 2017 халықаралық электроника көрмесінде үш мониторы бар Project Valerie ноутбугін таныстырды, деп хабарлайды N+1. Әзірге жаңа ноутбуктің 4К-экрандары 11520×2160 пиксельден тұратыны белгілі. Басылымның айтуынша, компания компьютердің техникалық сипаттамалары туралы толық ақпарат бермеген. Бір белгілісі, ноутбукке NVIDIA GeForce GTX 1080 видеокартасы орналастырылған. Бір айта кетерлігі, CES 2017 көрмесі — электроника құралдарының жаңа үлгілерін таныстыруға арналған алаң. Ол АҚШ-та 5 қаңтар күні басталды. Оған әлемнің ең танымал электроника алпауыттары қатысуда.