Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындады

Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындады

Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындады
ашық дереккөзі
Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша сот өтіп жатыр. Ол өзіне тағылған айыпты мойындап, қылмыстық іс бойынша залалдың орнын толтырды деп хабарлады turkystan.kz. Сотталушылар орындығында Сатыбалдыұлынан бөлек тағы төрт айыпталушы болған.
«Қоңырбаев, Муравьев, Бекетов және Мұхамеджанұлы сотта кінәсін және мүлік залалын мойындап, медиатив келісім туралы растады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Сот мәліметінше, Сатыбалдыұлы кінәсін толық мойындап, кінәсін мойындау және залал келтіру туралы екі медиатив келісім жасасқан. «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның зардап шегушілеріне 28 миллиард 687 миллион 940 мың 573 теңге залал сомасы толық өтелген. Сотталушыға қатысты орталық шағым білдірмеген. «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты іс бойынша компанияға 12 миллиард 733 миллион 24 мың 439 теңге көлемінде залал өтелген. «Қазақтелеком» да медиатив келісімге сәйкес шағым білдірмеген. Айта кетейік, ол «Қазақтелеком» компаниясының қаржысын талан-таражға салып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланды деп айыпталды. Шығын көлемі шамамен – 12 миллиард теңге.