Ақтаулық спортшы Гиннесстің рекордтар кітабына енді

Ақтаулық спортшы Гиннесстің рекордтар кітабына енді

Ақтаулық спортшы Гиннесстің рекордтар кітабына енді
ашық дереккөзі
Жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев Гиннестің рекордтар кітабына енді. Спортшы беліне қосымша 40 фунт салмақ қоса отырып, екі қолмен тіреу арқылы белтемірде 10 рет тартылған деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
«Рекордты бекітуге үш ай уақыт кетті. Сертификатты 19 қыркүйекте алдым. Стрит-воркаут пен стритлифтинг Қазақстанда ресми спорт ретінде танылғанын қалаймын. Сондай-ақ, қаржы болса, еліміздің туын әлемдік алаңдарда жиі көтерер едік», - деді Ильдар Ягьяев.