Жаңалықтар

«Қазақмыс» компаниясының 3 қызметкері қаза тапты

ашық дереккөзі

«Қазақмыс» компаниясының 3 қызметкері қаза тапты

19 қыркүйекте Алматы-Екатеринбург тас жолында болған жол-көлік оқиғасында «Қазақмыс»  компаниясының үш қызметкері қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz. Сағат 18.45 шамасында, Тарасал кентіне бұрылыс маңында «Tranco Express» ЖШС филиалына тиесілі ПАЗ автобусы қарсы бағытқа шығып кеткен. МАЗ маркалы жүк көлігімен соқтығықан. Автобуста жүргізушіден басқа, Шатыркөл кеніші ұжымын кәсіби қараудан өткізіп, Балқаш қаласына қайтып келе жатқан «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-нің он бір медицина қызметкері болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де өмірмен үйлеспейтін жарақат алды. Сондай-ақ апат орнында ПАЗ автокөлігінің тағы бір жолаушысы қайтыс болды. Тағы бір жолаушы жедел жәрдем көлігінде жолда көз жұмды. Қалған жолаушылар түрлі дәрежедегі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер Балқаш, Приозерск қалаларының медициналық мекемесіне жеткізілді. Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. «Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады.