«Мұнайшы» стадионындағы орындықтардың тозығы жеткен (ВИДЕО)

«Мұнайшы» стадионындағы орындықтардың тозығы жеткен (ВИДЕО)

«Мұнайшы» стадионындағы орындықтардың тозығы жеткен (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Спорт журналисі, белгілі комментатор Ермұхамед Мәулен Атырауда орналасқан «Мұнайшы» стадионын сынға алды деп хабарлады  turkystan.kz Оның айтуынша, стадионда футбол жанкүйерлері үшін ешқандай жағдай жасалмаған. Орындықтардың сапасы кетіп, күтім жасалмайтынын айтты. Сондай-ақ қайта жөндеу жұмыстары қажет екенін жеткізді.
 «Мұнайшы» стадионындағы трибуналарды бұрын да көрсеткенбіз. Пластик орындықтардың түрі осындай. Сыммен байлап қойған. Қозғалтып астын көрсетейін. Бұл не масқара. Жанында тұрған орындықтарды да біреу сыммен байлап шыққан. Барлығы босап тұр. Жалпы Қазақстан футболы Еуропада, УЕФА-да ойнап жүр дейміз. Ал Атырау мұнайлы, байлықтың бәрі осында екенін айтамыз. Сонда мына стадионның орындықтары осындай болу қажет пе?! Еуропаға қанша рет барамыз, Польшаның үшінші дивизионында өнер көрсететін стадиондарының орындықтары мынандай нашар емес. Бұл орындықтарды ешкім жумайды, тазаламайды. Өте қиын жағдай. Жанкүйерлерге ешқандай жағдай жасалмаған!», - дейді ол Facebook-тегі парақшасында.