«Еңселеріңізді түсірмеңіздер!»: Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

«Еңселеріңізді түсірмеңіздер!»: Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

«Еңселеріңізді түсірмеңіздер!»: Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (58-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк Туды желбіретеміз, бұйыртса! Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады! Біз өз жолымызды салдық. Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық. Бұйыртса, қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!» деп жазды боксшы. 
Жәнібек Әлімханұлы GGG-ді қолдау үшін Лас-Вегасқа барған болатын.