Жаңалықтар

«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиға туралы түсініктеме берді

ашық дереккөзі

«Үлкендерді сыйламаймын: автобуста орын бермеген жігіт оқиға туралы түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылықтың ашу-ызасын туғызған оқиғаға қатысты видео авторы түсінік берді деп хабарлады turkystan.kz. Қоғамдық көлікте отырған жас жігіттің егде жастағы әйелге орын бермей, ашулана айғайлаған сәті видеоға түскен. «Менің орын бергім келмейді. Сізді, үлкен кісілерді сыйламаймын. Болды ма? Бермеймін орын! Не істейсіз ал?!» - дейді ол. Жолаушылар екеудің жанжалына үнсіз қарап қалған. Астаналық тұрғын видеоны TikTok-та әлеуметтік эксперимент үшін түсіргенін айтты. Айтуынша, сол видео үшін арнайы актриса жалдаған. Автор видеоны өзінің TikTok парақшасында жариялады.