Франциядағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Франциядағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды

Франциядағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
Франциядағы Әзербайжан елшілігі жариялаған кадрларда армяндардың алдымен дипломатиялық өкілдік ғимаратының алдындағы темір тосқауылдарды талқандап, кейін кіреберіс есігін сындырмақ болғаны көрсетілген деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Әзербайжанның Франциядағы елшісі Рахман Мұстафаев осы видеоға түсініктеме берді.
«Француз билігі дипломатиялық миссия қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өтініштерді елемеді», - деп мәлімдеді Рахман Мұстафаев.
Ол Эммануэль Макронның бейжайлығын сынға алды. Осыдан соң Францияның Әзербайжандағы елшісі Захари Грос 19 қыркүйекте Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған Әзербайжанның Францияға наразылық нотасы тапсырылды.