Ағаш әжетхананың 600 мың теңгеге салынғаны рас па?

Ағаш әжетхананың 600 мың теңгеге салынғаны рас па?

Ағаш әжетхананың 600 мың теңгеге салынғаны рас па?
ашық дереккөзі
Қостанай облысы Жангелдин ауданында қарапайым әжетханаға қыруар ақшаның шығындалғаны көпшіліктің сынына ұшырады деп хабарлады turkystan.kz облыстық «Қостанай таңы» газетіне сілтеме жасап. «Құнды» дәретхана туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды. Жангелдин ауданының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
«Әлеуметтік желіде 600 мың теңгеге дәретхана салынғаны туралы тараған мәліметтің жалған екенін хабарлаймыз.  Негізі, 2019 жылы басталған Торғай ауылын сумен қамту жобасының құжатында дәретхана салу көрсетілгені рас. Бірақ мердігер «Асыл Тау» ЖШС жұмысты толық аяқтамауына байланысты 2021 жылы жобаға бөлінген 528 583 мың теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды», – дейді аудан әкімдігіндегілер.