Мемлекет басшысы DAVOS 2023 форумына қатысуы мүмкін

Мемлекет басшысы DAVOS 2023 форумына қатысуы мүмкін

Мемлекет басшысы DAVOS 2023 форумына қатысуы мүмкін
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Шваб келесі жылы қаңтарда өтетін халықаралық жиынға шақырды деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жайлы екеуара кездесуде сөз болды. Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты.  width= Клаус Шваб Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды. Сонымен қатар елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.