Жаңалықтар

Мемлекет басшысы DAVOS 2023 форумына қатысуы мүмкін

ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы DAVOS 2023 форумына қатысуы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Шваб келесі жылы қаңтарда өтетін халықаралық жиынға шақырды деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жайлы екеуара кездесуде сөз болды. Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның «Астана» халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты.