«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға ай сайын ақша төлейтіні рас па?

«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға ай сайын ақша төлейтіні рас па?

«ҚазМұнайГаз» қазақстандықтарға ай сайын ақша төлейтіні рас па?
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желі қолданушыларына «ҚазМұнайГаз» компаниясының қазақстандықтарға ай сайын 117 мың теңгеден төлеуге міндеттелгені жайлы хабар тарады деп жазды turkystan.kz.  Stopfake сайтының жазуынша, бұл -жалған ақпарат. Жарнамаға сәйкес, төлем алу үшін әуелі компанияға 110 мың теңге салу қажет. Мұның бәрі – алаяқтардың ісі. Бұл туралы ескерту «ҚазМұнайГаз» АҚ ресми сайтында да жарияланған.
«Қазіргі уақытта алаяқтар арнайы сайт, қосымша және әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, солар арқылы жарнама таратып, қазақстандықтарға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына инвестиция құюды ұсынады. Нәтижесінде, алаяқтар мұнай мен газ сатудан тез пайда табуға болады дейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан азаматтарының қаражатын инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таралған жарнама жалған және алаяқтық сипатқа ие. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұраймыз», – делінген порталда.