Microsoft компаниясы Қазақстандағы қызметін кеңейтуге ниетті
Microsoft компаниясы Қазақстандағы қызметін кеңейтуге ниетті
Мемлекет басшысы Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен кездесті деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметін кеңейту перспективалары, оның ішінде IT зертханасын ашу және IT мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспары талқыланды.