Жаңалықтар

АҚШ-та Әнұранымызды шырқаған Димаш шетелдік БАҚ назарында

ашық дереккөзі

АҚШ-та Әнұранымызды шырқаған Димаш шетелдік БАҚ назарында

Шетелдік БАҚ отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына тәнті болып, оның өнерінен кейінгі әсерлерімен бөлісті.

Dimash Qudaibergen will perform the anthem of Kazakhstan at today’s FIGHT NIGHT 🇰🇿🇰🇿🇰🇿 pic.twitter.com/RprZraEZWd

— Gennadiy Golovkin (@GGGBoxing) September 17, 2022 Мексикалық TUDN порталы «Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады» деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Портал мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті. Испанияның белгілі Marca спорт басылымы "Димаш Құдайберген Қазақстан Әнұранын әсерлі орындап шықты" деген мақала жариялады. Олар әншінің дауысы аренаға жиналғандардың бәрін таңғалдырғанын атап өтті. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын жазады. Тағы бір мексикалық портал - AS México да қазақстандық әншінің жарқын өнерін атап өтіп, оның шығармашылығын қысқаша өмірбаянымен таныстырып өткен.