Қазақстандық спортшы тректегі велоспорттан екі алтын жеңіп алды
Қазақстандық Сергей Пономарев Испаниядағы тректегі велоспорт турнирінде екі алтын медаль жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Тректегі велоспорттан Қазақстан командасының өкілі Сергей Пономарев Испаниядағы Trofeu Internacional de pista Cuitat de Barcelona турнирінде екі рет жеңіске жетті », - делінген хабарламада.
Айта кетейік, спортшы екі пән бойынша үздік атанды. Пономарев жеке спринтте және кейринде алтын жеңіп алды.