Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады - министрлік

Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады - министрлік

Әскери борышын өтегендер жоғары оқу орнына ҰБТ-сыз түсе алады - министрлік
ашық дереккөзі
Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен, жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп, жаңа жоба бастауды көздеп отыр деп хабарлады turkystan.kz. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аталған жоба азаматтардың мерзімді әскери қызметін өтеуге ынтасын арттыру мақсатында қолға алынады. Сондай-ақ бұл бағдарлама мерзімді әскери қызметін өткерген азаматтарға (әңгімелесу нәтижелеріне қарай, ҰБТ-ны есепке алмай) 2 жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік береді.
«Жеке қасиеттеріне, үлгілі тәртібіне және мерзімді әскери қызметін өтеу кезеңінде жауынгерлік даярлықта қол жеткізген жоғары нәтижелеріне қарай әскери қызметшілерге жоғары оқу орнының гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі. Мұндай жастарға Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-ны есепке алмай-ақ оқуға түсу мүмкіндігі ұсынылады. Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген балаларына да басымдық беріледі деп отыр. Жобаны іске асыру білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етпейді», - деп атап өтеді Қорғаныс министрлігі.
Ведомствоның атап өтуінше, еліміздің барлық өңіріндегі қырыққа жуық жоғары оқу орны әскери борышын өтеген азаматтарға білім алуға жеңілдіктер беретінін растады.
«Қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстарын бастап кетті. Жобаны іске асыру 2023 жылдан басталады. Мұндай жеңілдіктер қазіргі уақытта борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сарбаздарға берілетін болады», - деді министрліктен.