Астанада шағын саябаққа ІІ Елизаветаның есімі беріледі
Астанада шағын саябаққа ІІ Елизаветаның есімі беріледі
Астананың орталық саябағындағы гүлзарға Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның есімі беріледі деп хабарлады turkystan.kz.
Еске салсақ, маусым айында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Қабанбай батыр даңғылындағы «Салтанат сарайы» кешені мен The St. Regis Astana қонақүйі арасында орналасқан атаусыз скверге ІІ Елизавета есімін беру туралы ұсыныс білдірген еді.
Аталған ұсыныс Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің тарапынан екіжақты дипломатиялық байланысты нығайту мақсатын көздейді.