Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқына көңіл айту жеделхатын жолдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.
«Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.