Жаңалықтар

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

ашық дереккөзі

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті.  Бес күн бұрын қырғыз-тәжік шекарасында атыс болып, бір адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Кейін қақтығыс ушыға түсті. Екі ел оқиғаға бір-бірін кінәлап отыр. Әлеуметтік желілерде қақтығыстың салдарынан зардап шеккен адамдар мен қираған елді мекендер туралы видеолар тарады. Turkystan.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығысқа не себеп болғанын және оқиға қалай өрбігенін зерттеп көрді. Қақтығыс неден туындады? Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәліметінше, қақтығысқа Тәжік сарбаздары қос тараптың арасында бұған дейін жасалған келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесі саналатын Баткен облысы Бұлақ-Башы ауданына келуі себеп болған. Тәжікстан мен Қырғыз елі арасындағы 970 километр шекараның 519 шақырымы келісілген, қалған бөлігі әлі нақтыланған жоқ. Қырғыздың Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысы арасындағы даулы жерде ауылдар, кей тұсында екі елдің тұрғындарының үйлері орналасқандықтан ол жерде шекараны нақтылап, белгілеу қиындық туғызған. Кешке Қырғыз елі мен Тәжікстан өкілдері келіссөздер жүргізіп, шекараның жалпы учаскесінде атысты тоқтату туралы келісті, бірақ жағдай одан кейін де бір қалыпқа келмеді. 17 қыркүйекте Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізіліп, адамдар эвакуацияланды. Зардап шеккендер Kabar.kg басылымының соңғы мәліметінше, қақтығыстан 163 адам зардап шекті және қаза болғандар саны 59-ға жеткен. Сондай-ақ Баткен облысында 12 мәйіттің денесі табылған.  Қазіргі уақытта шекара маңынан қауіпсіз аудандарға 136 мың 770 адам эвакуацияланды. [caption id="attachment_197016" align="alignnone" width="1202"] Жұма күні Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов 16.00-де атысты тоқтату туралы келісім жасады. Бұдан кейін елдегі ахуал сейіле бастады. 18 қыркүйек түнде екі елдің шекара маңында ешқандай атыс болған жоқ, жағдай бақылауда болды. Бүгін 19 қыркүйек Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаров 14-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғызстан халқына үндеу жасап, елде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимараттарында республиканың Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық мерекелері өткізілмейді, көңіл көтеретін теле-радиобағдарламалар көрсетілмейді. Айта кетейік, Қырғыз елі шекарадағы қақтығысты Тәжікстанның алдын-ала жоспарланған агрессиялық актісі деп санайды, сондай-ақ Қырғыз елінің аумағын басып алу арқылы халқын президент Эмомали Рахмонның жаппай диктатурасынан алшақтатқысы келетінін жеткізді. «Тәжікстан Республикасы аумақтық тұтастық, мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, күш қолданбау және күшпен қорқыту, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында және басқа да халықаралық құжаттарда бекітілген Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу сияқты негізгі халықаралық қағидаттарды өрескел бұзды. Сондай-ақ Қырғыз Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігіне опасыздықпен қол сұғып отыр», – делінген Қырғыз елінің СІМ хабарламасында.