Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?
ашық дереккөзі
Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті.  Бес күн бұрын қырғыз-тәжік шекарасында атыс болып, бір адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Кейін қақтығыс ушыға түсті. Екі ел оқиғаға бір-бірін кінәлап отыр. Әлеуметтік желілерде қақтығыстың салдарынан зардап шеккен адамдар мен қираған елді мекендер туралы видеолар тарады. Turkystan.kz тілшісі екі ел арасындағы қақтығысқа не себеп болғанын және оқиға қалай өрбігенін зерттеп көрді. Қақтығыс неден туындады? Қырғыз Республикасы мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ұсынған мәліметінше, қақтығысқа Тәжік сарбаздары қос тараптың арасында бұған дейін жасалған келісімдерді бұзып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесі саналатын Баткен облысы Бұлақ-Башы ауданына келуі себеп болған. Тәжікстан мен Қырғыз елі арасындағы 970 километр шекараның 519 шақырымы келісілген, қалған бөлігі әлі нақтыланған жоқ. Қырғыздың Баткен облысы мен Тәжікстанның Соғды облысы арасындағы даулы жерде ауылдар, кей тұсында екі елдің тұрғындарының үйлері орналасқандықтан ол жерде шекараны нақтылап, белгілеу қиындық туғызған.  width= 16 қыркүйекте қақтығыс күшейіп, екі тарап бір-бірін ауыр техника қолданды деп айыптады. Қос тарапта күшейтілген режимге көшкен. Қырғыз жағы шекара жасақтары мен заставаларына тәжік жауынгерлері минометпен оқ жаудырғанын мәлімдеді.
«Таңғы сағат 6 шамасында тәжік жағы Эки-Таш, Чыр-Добо, Кум-Мазар және Орто-Боз елді мекендеріне оқ атты. Жарты сағаттан соң «Кок-Таш» шекара заставасына қарасты аумақты минометпен атқылап, 7.15-те тәжік әскері «Паскы-Арык» елді мекеніндегі «Самаркандек» шекара заставасына қарай оқ жаудырды», – делінген Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Шекара қызметінің мәлімдемесінде.
 width= Кешке Қырғыз елі мен Тәжікстан өкілдері келіссөздер жүргізіп, шекараның жалпы учаскесінде атысты тоқтату туралы келісті, бірақ жағдай одан кейін де бір қалыпқа келмеді. 17 қыркүйекте Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізіліп, адамдар эвакуацияланды.  width= Саясаттанушы Асхат Қасенғалидің пікірінше, қос елдің арасындағы қақтығысқа 31 жылдан бері шекараның шегенделмей келе жатқаны себеп.
«Біріншіден қырғыз-тәжік арасындағы қақтығыс бүгін басталған қақтығыс емес. 1991 жылдан бері шекара әлі шегенделген жоқ. Оны белгілеуге болушы еді, егерде екі ел КСРО кезінде бір картамен жүрген болса. Бірақ екі жақтың тараптарына құлақ асатын болсақ, Тәжікстан 1925-1939 жылғы, ал Қырғыз елі 1958-1959 жылғы карта бойынша шекараны анықтағысы келеді. Яғни екі елдің қолындағы екі түрлі. Бұл үлкен мәселе туындатып отыр. Карта бойынша бір аймақ Тәжікстанға, бір аймақ Қырғыз Республикасына тиесілі. Бұл дауды одан әрі ушықтырып жатыр.  1959 жылғы картада шекара маңындағы Бурұх (Ворух) аймағы Қырғыз еліне тиесілі деп көрсетілген. Ал Тәжікстан оны біздің аймақ деп қарастырады», – дейді ол.
 width= Зардап шеккендер Kabar.kg басылымының соңғы мәліметінше, қақтығыстан 163 адам зардап шекті және қаза болғандар саны 59-ға жеткен. Сондай-ақ Баткен облысында 12 мәйіттің денесі табылған.  Қазіргі уақытта шекара маңынан қауіпсіз аудандарға 136 мың 770 адам эвакуацияланды. [caption id="attachment_197016" align="alignnone" width="1202"] width= фото: kg.akipress.org[/caption] Ал Азаттықтың Тәжік редакциясының мәліметінше,  18 қыркүйекте Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 32 адам қаза тапқанын хабарлаған.  Оның көпшілігі – бейбіт тұрғындар деп жариялады. Қос елдің арасындағы жағдайға қатысты өзге мемлекет басшылары оларға бейбіт жолмен ортақ шешімге келу керектігін айтып, алаңдаушылық білдірді. Жексенбі күні Кремль сайты Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады. Ақпаратқа сүйенсек, Путин тараптарды «жағдайды ушықтырмауға және мәселені бейбіт, саяси-дипломатиялық жолдармен тезірек шешу үшін шара қолдануға» үндеген. Сонымен Қатар АҚШ Мемлекеттік департаменті Душанбе мен Бішкекті шекарада атысты тоқтату режимін сақтауға шақырды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс мәлімдемесінде айтылған.
«Біз тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстарға алаңдаймыз. Бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұр, біз зардап шеккендерге жанашырлық білдіреміз. Біз екі тарапты да атысты тоқтату режимін сақтауға және дипломатиялық жолмен тыныштықты қалпына келтіруге күш салуға шақырамыз», – деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында 17 қыркүйекте.
Келісім Тәжік тарабы басында тиісті органдарымыз атысты тоқтатуды және келіссөз жүргізуді ұсынғанымен Қырғызстан әскерилері бұған құлақ аспай Тәжікстанның елді мекендерін атқылады деп мәлімдеді. Қақтығыс басталған тұста Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Самарқандта Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып жатты. Екі ел басшысы Өзбекстан астанасында жүріп, келіссөз өткізді. Нәтижесінде олар өз елдеріндегі тиісті органдарға атысты тоқтату туралы тапсырма берді.  width= Жұма күні Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов 16.00-де атысты тоқтату туралы келісім жасады. Бұдан кейін елдегі ахуал сейіле бастады. 18 қыркүйек түнде екі елдің шекара маңында ешқандай атыс болған жоқ, жағдай бақылауда болды. Бүгін 19 қыркүйек Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаров 14-17 қыркүйекте қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығысқа байланысты Қырғызстан халқына үндеу жасап, елде ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимараттарында республиканың Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық мерекелері өткізілмейді, көңіл көтеретін теле-радиобағдарламалар көрсетілмейді. Айта кетейік, Қырғыз елі шекарадағы қақтығысты Тәжікстанның алдын-ала жоспарланған агрессиялық актісі деп санайды, сондай-ақ Қырғыз елінің аумағын басып алу арқылы халқын президент Эмомали Рахмонның жаппай диктатурасынан алшақтатқысы келетінін жеткізді.
«Тәжікстан Республикасы аумақтық тұтастық, мемлекеттік шекаралардың мызғымастығы, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу, күш қолданбау және күшпен қорқыту, сондай-ақ БҰҰ Жарғысында және басқа да халықаралық құжаттарда бекітілген Адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу сияқты негізгі халықаралық қағидаттарды өрескел бұзды. Сондай-ақ Қырғыз Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігіне опасыздықпен қол сұғып отыр», – делінген Қырғыз елінің СІМ хабарламасында.
 width=