Павлодарда тарихи тұлғалардың суреті бейнеленген аялдамалар пайда болды

Павлодарда тарихи тұлғалардың суреті бейнеленген аялдамалар пайда болды

Павлодарда тарихи тұлғалардың суреті бейнеленген аялдамалар пайда болды
ашық дереккөзі

Павлодарда облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен «Тұлғалар тағылымы» жобасы іске асырылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Жобаның мақсаты – танымал тұлғаларды қала тұрғындарына насихаттау, өмірбаяндары мен шығармашылығын таныстыру.

«Бұдан былай аялдамада қоғамдық көлік күтіп тұрған тұрғындар белгілі ақын-жазушылар мен өнер адамдарының шығармашылығы, олардың мемлекеттің дамуына қосқан үлесі, батырлардың жасаған ерлігі жайлы азды-көпті мағлұмат ала алады», - деді басқарма хабарламасында.
Солардың ішінде Олжабай батыр, К.Кенжетаев, М. Мақатаев, М.Жұмабаев, Қ.Исабай, А. Шәмкенов, Д. Әбілев, Қ.Ыдырысов, Қ. Қасымов, Н.Нұрмұхаммедов, Р. Нұртазина, Қазанғап би сынды тұлғалар жайлы безендірілген аялдамалар бар.  width= Сондай-ақ биыл 150 жылдығы тойланып жатқан Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы мен ел тарихында елеулі орын алған Шахан Мусин, Рамазан Тоқтаров, Сержан Қанапиянов секілді тұлғалардың өмір жолы да аялдамаларға жазылды. Алдағы уақытта ерекше дизайнмен безендірілген 19 тұлғаның өмірбаяны бар тағы 40-қа жуық аялдама пайда болмақ.  width=