Асылы Осман «Алматы қаласының құрметті азаматы» атанды

Асылы Осман «Алматы қаласының құрметті азаматы» атанды

Асылы Осман «Алматы қаласының құрметті азаматы» атанды
ашық дереккөзі
Белгілі қоғам қайраткері, профессор, тіл жанашыры Асылы Осман «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапатталды деп хабарлады turkystan.kz. Қала күні қарсаңында «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында әкім Ерболат Досаев алматылық бірнеше қоғам қайраткерін  құттықтады. Сондай-ақ Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқаны үшін Асылы Османды «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағымен марапаттап, 1 млн теңге ақшалай сертификат табыстады.