Головкин кез келген адамды жеңе алады – «Канело»

Головкин кез келген адамды жеңе алады – «Канело»

Головкин кез келген адамды жеңе алады – «Канело»
ашық дереккөзі
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өткен үшінші жекпе-жегінен кейін пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өзімді керемет сезінемін. Бақыттымын. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Головкин – керемет боксшы. Ол – мықты және ақылды. Бұл жақсы жекпе-жек болатынын білдім. Біз көрермен үшін үш жақсы жекпе-жек өткіздік. Онымен рингті бөліскеніме қуаныштымын. Өзімнің жылдамдығым мен күшімді сезіндім. Өте жақсы жұмыс істедім деп ойлаймын, әсіресе алғашқы сегіз раундта. Содан кейін ол соңғы раундтарда қарқынын үдетті, мен де. Головкинді құрметтеймін. Ол – керемет боксшы. Жекпе-жек үшін оған алғыс айтқым келеді. Жанкүйерлерге өте жақсы үш жекпе-жек сыйлағанымызға қуаныштымын. Головкин – үздік боксшы. Ол кез келген адамды жеңе алады», – деді Альварес.
Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өткен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело»  Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 12 раундқа созылды. Тартысты сайыста төрешілер шешімімен отандасымыз Геннадий Головкин қарсыласына есе жіберді.