Жаңалықтар

«Жылы-жылы сөйлесе...» жылан ғана емес, су да құбылатынын білесіз бе?

ашық дереккөзі

«Жылы-жылы сөйлесе...» жылан ғана емес, су да құбылатынын білесіз бе?

Гүлдің жаны бар туралы жиі айтылады. Аналарымыздың гүлге су құйып жүріп, онымен адаммен сөйлескендей сөйлесіп жататынын жиі естиміз. Ал судың жады бар, оның да адам айтқан ақпаратқа қарай жауап беретіні бар екен десек, сенер ме едіңіз? Осы сұраққа жауап беру үшін бүкіл өмірін арнаған жапон ғалымы Эмотоның тәжірибесін ұсынып отырмыз. Масару Эмото 1943 жылы Жапонияның Йокагаме қаласында дүниеге келген. Сол қаладағы «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша білім алған. Жаңа технология мүмкіндіктерімен танысқан ол 1980 жылдардың ортасында қарай аяқастынан суды зерттеуге көшкен. Эмото өмірін суды зерттеуге арнаған және бірнеше томдық «Судан хабар» атты тақырыпта зерттеулер ұсынған. Оның ішінде мұздың кристалл суреттері мен зерттеу жұмыстары бар. Эмотоның идеясы «Не білеміз?» деген фильмде де көрініс берген. Ғалымның бағын ашқан қос бірдей кітабы деуге болады: «Судың аяты: Мұз кристалдарының құпиясы» және «Судың өзіңді табуға және емделуге деген энергиясы». Алғашқы кітабы New York Times-тың бестселлеріне енген. Ол 2014 жылы Жапонияда дүниеден өтті. Жапон ғалымы су біздің шынайы бейнеміз және эмоционалды «энергиямыздың» өзі деген тұжырымға келеді. Ғалым зерттеу арқылы судың айналасындағы заттардан ақпаратты қабылдап, содан кейін қайта таратады деген ойды дәлелдеуге тырысады. «Мұз боп қатқан суды микроскоппен зерттеу идеясы менің басымда 1994 жылы пайда болды. Мен кристалдарды көріп тұрғанымды түсіндім. Екі ай бойы жасаған сынақ және бақылаудан кейін нәтижесінде көзге көрінбейтін әлемнің ішінен алтыбұрышты кристалл көрінді», - деп еске алады Эмото өзінің алғашқы тәжірибесі турасында. Масару Эмото адам эмоциясы мен судың бір-біріне тығыс байланысты екенін дәлелдеуге тырсып, егер суға тартымды не жылы сөз айтып сөйлессе, су белгілі бір кристаллды құрап қатады дегенге келтіреді. Егер керісінше, жаман сөздер айтса, судың кристалл формасы басқаша құбылатын болған. Ғалым бұл ойларының бәрін сурет түрінде өзінің кітабына берген. Эмото өзін хадо теориясының негізін қалаушы деп таныды. Расында, жапон ғалымының зерттеуін оқып отырып, қазақтың "судың да сұрауы бар" деген нақыл сөзінде салмақты мән бар екенін білгендей болдық.