Өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 25 ноутбук табысталды

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 25 ноутбук табысталды

Өрттен зардап шеккен отбасылардың балаларына 25 ноутбук табысталды
ашық дереккөзі
«AMANAT»  партиясының Қостанай облыстық филиалы  DAMU Logistics республикалық компаниясының қолдауымен Аманқарағай ауылында өрттен зардап шеккен отбасылардың мектеп оқушыларына 25 ноутбук табыстады.  Алматы қаласынан келген компания өкілі Алмат  Уәли  табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға жылы лебізін білдірді.
«Біз сіздердің өңірде болған жағдайды естіп қабырғамыз қайысты. Басқа түскен бұл қиындықты бірге жеңуге көмектесуге  әркез дайынбыз», - деді ол.
Демеушілік «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру аясында орындалды.  Аудандық білім бөлімінің басшысы Досбол Құсаиновтың сөзінше,  тілсіз жаудан 100-ден аса отбасы зардап шексе, оның 45-і - мектеп оқушысы.  Қазіргі уақытта зардап шеккен отбасылардың жағдайы қалыпқа келтірілуде. Балалар  білім алуларын жалғастыруда.
«Мектеп оқушылары үшін ноутбук сыйға алу үлкен қуаныш.  Әсіресе, қолда бар дүниелерінен бір сәтте айырылып қалған біздің жерлестер үшін  үлкен қолдау болып отыр. Балалардың сапалы білім алуы өте маңызды. Өз атымнан компания өкілдеріне алғысымды білдіремін», - деді облыстық мәслихаттың депутаты Альмира Жансүгірова.
Барша әулиекөлдіктердің атынан қолдау білдіріп, көмек қолын созып жатқан қайырымды жандарға «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина да өз ризашылығын білдірді. Айта кетсек, партияның облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Баланы мектепке дайындайық» республикалық қайырымдылық акциясы аясында  екі мыңнан астам бала мектеп құралдарымен қамтылды. Жыл сайынғы акция аясында түрлі қайырымдылық және мерекелік іс-шаралар өткізілді. Оның барысында мектепке дайындыққа, демеушілілердің қолдауымен  халықтың әлеуметтік осал санаттарындағы балаларға арналған мектепке керек-жарақтарын сатып алуға атаулы қолдау көрсетілді.