Жаңалықтар

95 млн теңгеге дейін: шетелдегі балалардың есепшотына қанша аударылады?

ашық дереккөзі

95 млн теңгеге дейін: шетелдегі балалардың есепшотына қанша аударылады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында балаларға арналған жаңа қор жүйесін ұсынды. «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама аясында арнайы шотқа жыл сайын Ұлттық банктен инвестициялық табыс аударылмақ. Сарапшылардың пікірінше, әр балаға шамамен 18 жасқа дейін 400 доллардан келеді. Ал өзге елде бұндай төлем бар ма? Қалай, қашан және қанша беріледі? [caption id="attachment_196966" align="alignnone" width="1200"] Фото:uainfo.org[/caption] Финляндия Финляндияның әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік агенттігі «Kela» бала 17 жасқа толғанға дейін жәрдемақы аударады. Бірінші бала үшін жәрдемақы мөлшері айына шамамен 100 еуроны (47 мың теңге) құрайды. Әрбір келесі бала үшін жәрдемақы мөлшері ұлғайып отырады. Бір немесе бірнеше бала тәрбиелеп отырған аналарға немесе жалғызбасты әкелерге жоғары жәрдемақы тағайындалады. Бұл ретте төлемдерге салық салынбайды. [caption id="attachment_196968" align="alignnone" width="1205"] Фото:fujairahinfocus.blogspot.com[/caption] Біріккен Араб Әмірліктері БАӘ азаматтары бала тууға байланысты 50-ден 200 мың долларға дейін (23 млн - 95 млн теңге) біржолғы төлем алады. Егер қажеттілік болса, қосымша үй де беріледі. Бұл жерде бір айта кететін жайт, берілетін тек жылжымайтын мүлік  қала шетіндегі бір бөлмелі пәтер емес, толыққанды үй немесе тіпті шағын вилла. Мұнай мен газдан түскен кірістер елдің әрбір кішкентай азаматы үшін шот ашуға мүмкіндік береді. 18 жылда шотта шамамен 100 мың доллар жиналады. Бұл теңгеге шаққанда 47 миллион теңгеге тең. [caption id="attachment_196973" align="alignnone" width="1280"] Фото:rus.delfi.ee[/caption] Эстония Эстонияда жәрдемақының ең төменгі мөлшері  – шамамен 350 доллар болып бекітілген (166 мың теңге). Балалар 16 жасқа дейін алады. Егер бала университетте оқитын болса, онда төлемдер 19 жасқа дейін жалғасады.  [caption id="attachment_196971" align="alignnone" width="1205"] Фото:all-companies.ru[/caption] Германия Германия – жұмыс істемейтін аналарға бала күтімі бойынша төлемдерді жүзеге асыратын, сирек кездесетін еуропалық елдердің бірі. Сома шамамен 350 доллар  (166 мың теңге). Тағы да берілетін қосымша жәрдемақылар бар. Шығындарды өтеуге және мектептен тыс үйірмелерге төлеу үшін айына 140 долларға дейін (66 мың теңге) қаражат шотқа түседі. Жалпы, елде жәрдемақы бала 18 жасқа толғанға дейін беріледі. Егер Германияның жас азаматы оқуын жалғастырса немесе жұмыс таба алмаса, онда жәрдемақы 25 жасқа дейін ұзартылады. «Балалар ақшасының» мөлшері бірінші және екінші балаға (әрқайсысы үшін) ай сайын шамамен 210 долларды (100 мың теңге) құрайды. Үшінші бала туған кезде жәрдемақы 15 долларға (7 мың теңге) артады. Төрт және одан да көп балаларға ай сайынғы төлем шамамен 250 долларды (118 мың теңге) құрайды.