Головкин әлемдегі үздік боксшылардың бестігіне кірді
Орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин салмақ категориясына қарамастан әлемнің үздік боксшылары рейтингінде (BoxRec.com) көтерілді деп хабарлады turkystan.kz.
GGG үш сатыға көтеріліп, топ-5-ке кірді. Қазақстандық боксшы сегізінші орыннан бесінші орынға ауысып отыр. Рейтинг басында оның соңғы қарсыласы Сауль Альварес (Мексика) тұр.
- Сауль Альварес (Мексика);
- Дмитрий Бивол (Россия);
- Александр Усик (Украина);
- Александр Усик (Украина);
- Геннадий Головкин (Казахстан);
- Энтони Джошуа (Великобритания);
- Эррол Спенс-младший (США);
- Наоя Иноуэ (Япония);
- Шакур Стивенсон (США);
- Деонтей Уайлдер (США).
Айта кетейік, «Канелоға» қарсы жекпе-жек кеше, 18 қыркүйекте өткен болатын. Головкин төрешілердің шешімімен өзінің негізгі қарсыласына есе жіберді.