Бүгін - Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні

Бүгін - Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні

Бүгін - Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні
ашық дереккөзі
Қырғыз Республикасында 19 қыркүйек ұлттық аза тұту күні болып жарияланды деп хабарлады turkystan.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаров қол қойған Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелер ғимараттарында республиканың Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, ойын-сауық мерекелері өткізілмейді, көңіл көтеретін теле-радиобағдарламалар көрсетілмейді.