«AMANAT» партиясы мен Қазақстан футбол федерациясы бірлесіп бұқаралық спортты дамытады
«AMANAT» партиясы мен Қазақстан футбол федерациясы бірлесіп бұқаралық спортты дамытады
«AMANAT» партиясы мен Қазақстан футбол федерациясы салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт пен еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов пен ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов қол қойды.
Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағытын айқындады. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды әзірлеу және іске асыру көзделген. Басты міндеттердің қатарында спортпен белсенді айналысатын азаматтардың мүдделерін қорғау және түрлі футбол іс-шараларын бірлесіп өткізу де бар.