Британдық боксшы Головкинді белбеуі үшін жекпе-жекке шақырды

Британдық боксшы Головкинді белбеуі үшін жекпе-жекке шақырды

Британдық боксшы Головкинді белбеуі үшін жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинді екі дивизиондағы бұрынғы атақ иесі Крис Юбэнк жекпе-жекке шақырды деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілгенннен кейін британдық боксшы әлеуметтік желіде хабарлама жариялады. Ол қазақстандыққа желтоқсан айында GGG белбеуі үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды. Журналист Геннадийден Юбэнктің ұсынысы туралы сұрады. Оған қазақстандық боксшы бас бармағын көрсетті, содан кейін қосымша түсініктеме бермеген. Айта кету керек, Головкин «Канеломен» трилогиядан кейін мансабын аяқтамайтынын мәлімдеді.