Өскеменде еден жуушы әйел мектепте қайтыс болды

Өскеменде еден жуушы әйел мектепте қайтыс болды

Өскеменде еден жуушы әйел мектепте қайтыс болды
ашық дереккөзі
Өскемендегі №25 мектепте еден жуушы әйел қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz. Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, ол өзіне қол салған. Мұны алғашында ШҚО ПД растаған болатын. Алайда кейін оқиғаға қатысты жаңа дерек пайда болды.
«Іс қайта сараланды, ҚР ҚК 105-бабы алынып тасталды, әйел гипертониямен ауырған және жүрегі ауырып жүрген», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Қосымша ақпарат әзірге жарияланбайды.