Қарағанды облысында әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы көлік апатынан көз жұмды

Қарағанды облысында әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы көлік апатынан көз жұмды

Қарағанды облысында әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы көлік апатынан көз жұмды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  17 қыркүйек күні Қарағанды облысы Шет ауданында Ақой – Бұрма тас жолында 36 жастағы Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі, алдын-ала болжам бойынша, көліктің басқаруына ие бола алмай, аударылып кеткен. Кейін автокөлік жанған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көліктің жүргізушісі және 39 жастағы жолаушысы, Қарағанды облыстық Полиция департаменті Округтік әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев қаза тапты. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Данияр Тұрбаев әскери-дәрігерлік комиссия төрағасы лауазымында 2015 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарған. 2006 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған. Төрт баласы бар. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы Данияр Тұрбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтты.